«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері»
«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы А.Байханова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 14
- Жауаптар: 14
- 11.12.2020, 09:00
- 11.12.2020, 18:00
Тусупов Медет 11.12.2020, 10:34, Сұрақ нөмірі: 10014
Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасаған мемлекеттік қызметшіге қатал жаза қолданылатындығы белгілі.
Өз кезегінде, осындай бұзушылық жасаған қызметшілерге қатысты қандай шектеулер заңмен белгіленген?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.December.2020, 11:12
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасаған мемлекеттік қызметшіге қатысты шектеулер көзделген. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты қабылдауға болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін қызметтен шығарылған азамат мемлекеттік қызметке жіберілмейді.