Пайдаланылмайтын жерлерді алу тәртібі
«Пайдаланылмайтын жерлерді алу тәртібі» тақырыбына интернет-конференция. Сұрақтарға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жер инспекциясы басқармасының басшысы Бейбітбек Шыңдалыұлы Жайлыбаев жауап береді
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 07.12.2020, 10:00
- 11.12.2020, 18:00
Асылбаева Асия 11.12.2020, 11:39, Сұрақ нөмірі: 10016
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі қандай мерзімде алып қоюға жатады?
Солтүстік Қазақстан облысы 11.December.2020, 17:05
Сәлеметсіз бе. ҚР ЖК 92-бабының 3-тармағына сәйкес-шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш анықталған сәттен бастап қатарынан екі жыл бойы мақсаты бойынша пайдаланылмайды, онда мұндай жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 94-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады. Жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбаудың жоғарыда көрсетілген кезеңіне жер учаскесін еңсерілмейтін күштің салдарынан мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмаған уақыт кірмейді (ҚР ЖК 92-б.3-1-т.).