«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері»

«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы А.Байханова жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 14
  • Жауаптар: 14
  • 11.12.2020, 09:00
  • 11.12.2020, 18:00

Абеуова Гульмайра 11.12.2020, Сұрақ нөмірі: 10017

  • 0

Қайырлы күн! Мен Қарағанды облысының тұрғыны болып табыламын, алайда Мемлекеттік қызметке жалпы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды Алматы қаласындағы мемлекеттік мекемеге тапсырдым. Қазіргі жағдайға байланысты әңгімелесуді онлайн форматта өткізуді сұрауға болады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.December.2020, 13:22

Қайырлы күн! Сұрағыңызға рақмет. «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығының 90-бабына сәйкес жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.