«Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір сұрақтары бойынша»
Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар мен өткеру мәселелері туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Ш. Сәрсен интернет-конференция барысында жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 11.12.2020, 15:00
- 11.12.2020, 18:00
Есмагамбетова Меруерт 11.12.2020, 15:08, Сұрақ нөмірі: 10022
Сәлеметсіз бе, менің сұрағым мемлекеттік қызметшіге материалдық көмек көрсету туралы. Бір мемлекеттік органда екі қызметші отбасын құрды. Осы екеуі де мемлекеттік органнан материалдық көмек ала ала ма?
Астана қаласы 11.December.2020, 15:29
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітіген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесіне» сәйкес қызметкерге материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына байланысты жүргізіледі. Ереженің 8 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, оның ішінде, некеге тұру жағдайында көмек көрсетіледі. Ережеде шектеудің бомауына байланысты екі мемлекеттік қызметші де материалдық көмек алуға құқылы деп пайымдаймыз.