«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері»
«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы А.Байханова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 14
- Жауаптар: 14
- 11.12.2020, 09:00
- 11.12.2020, 18:00
Асанов Толеу 11.12.2020, 15:15, Сұрақ нөмірі: 10023
Қайырлы күн, ұялы телефоныма ЭЦҚ қолдану мерзімі аяқталу туралы хабарлама келген болатын, енді ХҚКО барып, қайта жаңа ЭЦҚ алуым керекпе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.December.2020, 17:18
Сәлеметсіз бе! Сізге ХҚКО барып жаңа ЭЦҚ алудың қажеті жоқ. egov.kz немесе Ұлттық куәләндіру орталығы сайты арқылы ЭЦҚ мерзімін 1 жылға ұзарта аласыз. Біріншіден жеке кабинетке кіріп, авторландырудан өту қажет. Ашылған парақшада «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» бөліміне өтіп, парақшада шыққан өтінішті толтырып, Сіздің жабық кілттеріңіз сақталатын папканы көрсетіп өтінішті жолдау қажет, келесі кезең ЭЦҚ паролін толтыру. Парольдің құрамында төменгі және жоғарғы регистрлі латын әріптері, сондай-ақ, цифрлар болу қажет. Парольдың ең қысқа ұзындығы 6 таңбадан кем болмауы тиіс. Содан соң сертификаттарды жүктеп, тіркеу куәлігі ойдағыдай орнатылғандығы туралы хабарлайтын терезе шығады.