«Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір сұрақтары бойынша»
Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар мен өткеру мәселелері туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Ш. Сәрсен интернет-конференция барысында жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 11.12.2020, 15:00
- 11.12.2020, 18:00
Мәлібек Ырыс 11.12.2020, 15:37, Сұрақ нөмірі: 10026
Қайырлы күн, мен мемлекеттік қызметке орналасу үшін конкурсқа қатысуды жоспарлап жүрмін. Осы орайда, денсаулығым туралы медициналық анықтаманы мемлекеттік органға қай кезде тапсыруым қажет?
Астана қаласы 11.December.2020, 16:02
Қайырлы күн, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 102-тармағына сәйкес егер Сіз конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған болсаңыз, шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күн ішінде медициналық байқаудан өтіп, 086/е нысандағы денсаулығыңыз туралы медициналық анықтаманы Өзіңіз қатысып отырған мемлекеттік мекеменің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тапсырасыз. Конкурқа қатысу барысында аталмыш анықтама Сізге қажет емес.