«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 11.12.2020, 15:00
- 11.12.2020, 17:00
Ташкенбай Ердаулет 11.12.2020, 16:11, Сұрақ нөмірі: 10030
Менің атқарып отқан лауазымым қысқарған жағдайда маған жәрдемақы төленеді ме?
Түркістан облысы 11.December.2020, 16:22
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 56-бабы 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік органның штат кестесі қысқарған кезде қысқартылатын мемлекеттік лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшіге кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу жүргізіледі.