«Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір сұрақтары бойынша»

Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар мен өткеру мәселелері туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Ш. Сәрсен интернет-конференция барысында жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 11.12.2020, 15:00
  • 11.12.2020, 18:00

Алина Гаухар 11.12.2020, 16:52, Сұрақ нөмірі: 10034

  • 0

Мемлекеттік органның ішінде құрылымдық өзгеріс болып екі бөлім қосылды. Бөлімге тиісінше бір қызметші басшы болып тағайындалды. Екінші қызметшіге бас маман лауазымы ұсынылды. Осы екінші қызметші жұмыстан шығу жәрдемақысын ала алады ма?

Астана қаласы 11.December.2020, 17:29

Қайырлы күн! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 56 бабы 7 тармағына сәйкес мемлекеттік органның ішінде басқару құрылымы өзгерген кезде мемлекеттік әкімшілік қызметші бұрын атқарған лауазымымен мәні бірдей, бұрын атқарған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес келетін лауазымға тағайындалады. Мәні бірдей лауазым болмаған кезде, мемлекеттік әкімшілік қызметшіге ол белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда өзге лауазым ұсынылуы мүмкін. Мемлекеттік әкімшілік қызметші ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда ол қызметтен шығарылуға жатады. Кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.