«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері»

«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы А.Байханова жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 14
  • Жауаптар: 14
  • 11.12.2020, 09:00
  • 11.12.2020, 18:00

Нагидулла Ақылбай 11.12.2020, 17:38, Сұрақ нөмірі: 10038

  • 0

Сәлеметсіз бе! Мен биыл жоғарғы оқу орнын бітірген едім. Қазіргі таңда «дипломмен ауылға» бағдарламасы бар екендігін білемін. Мен мемлекеттік қызметке аудан орталығында орналасқан аудан әкімшілігіне немесе дербес бөлімдерде өткізілетін бос орындар бойынша конкурстарға қатысып жұмысқа тұрайын деген ойым бар. Аталған бағдарлама бойынша маған әлеуметтік қолдау көрсетіледі ме?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.December.2020, 17:50

Қайырлы кеш! «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабың 8-тармағына сәйкес ауылдық елдімекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.