Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтірдің сапасын арттыру

«Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтірдің сапасын арттыру» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің Төрағасы Асхат Батыржанұлы Искендировтың қатысуымен интернет-коференцияны өткізу

  • Сұрақтар: 24
  • Жауаптар: 24
  • 15.12.2020
  • 15.12.2020, 18:00

Ермагамбетова Расима 15.12.2020, Сұрақ нөмірі: 10046

  • 0

Меңдіқара ауданының тұрғынымын. Қостанай қаласына мемллекеттік қызметке кіру үшін құжаттарды қалай тапсырса болады?

Қостанай облысы 15.December.2020, 16:05

Қайырлы күн! «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 75 тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.