Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтірдің сапасын арттыру

«Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтірдің сапасын арттыру» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің Төрағасы Асхат Батыржанұлы Искендировтың қатысуымен интернет-коференцияны өткізу

  • Сұрақтар: 24
  • Жауаптар: 24
  • 15.12.2020
  • 15.12.2020, 18:00

Кеңарал Гүлсая 15.12.2020, 17:05, Сұрақ нөмірі: 10064

  • 0

Сәлеметсіз бе! Менің сіңілім 17 жаста, арнайы орта білімі бар. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметке тұра алады ма?

Қостанай облысы 15.December.2020, 17:08

Сәлеметсіз бе! «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 16 бабына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті мемлекеттік лауазымдарға қатысты өзге талаптар белгіленбесе, он сегіз жасқа дейінгі азаматтар мемлекеттік қызметке қабылданбайды.