«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады В ходе данной интернет-конференции граждане смогут задать свои вопросы касательно соблюдения норм Закона

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 21.12.2020, 15:00
  • 21.12.2020, 17:00

Аділбайқызы Ақтолқын 21.12.2020, 15:12, Сұрақ нөмірі: 10072

  • 0

Мен бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлікпен айналысамын. Мемлекеттік қызметке кіруге ниетім бар. Білімім жоғары, егер қызметке тағайындалсам, маған еңбек өтілі қажет пе?

Түркістан облысы 21.December.2020, 16:22

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, мемлекеттік органдардағы ең төменгі болып табылатын жетекші маман және бас маман лауазымына жоғары білім болса жеткілікті, бұл ретте жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.