«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады В ходе данной интернет-конференции граждане смогут задать свои вопросы касательно соблюдения норм Закона
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 21.12.2020, 15:00
- 21.12.2020, 17:00
Килтбаева Акжайык 21.12.2020, 15:25, Сұрақ нөмірі: 10073
Қайырлы күн! Әдеп нормасының талаптарын сақтамағандығым үшін алынбаған тәртіптік жазам бар еді. Басқа мемлекеттік лауазымға конкурспен орналасайын десем, кадр қызметкерлері басқа лауазымға орналаса алмайтынымды алға тартуда. Осы мәселе бойынша түсіндірме берсеңіз!
Килтбаева Акжайык 21.12.2020, 16:33
рахмет, түсінікті.
Түркістан облысы 21.December.2020, 16:18
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 37-бабының 3-тармағында көрсетілгендей мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде ауысу тәртібімен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуына жол берілмейді.