«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады В ходе данной интернет-конференции граждане смогут задать свои вопросы касательно соблюдения норм Закона
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 21.12.2020, 15:00
- 21.12.2020, 17:00
Құдайберген Айкерім 21.12.2020, 15:27, Сұрақ нөмірі: 10074
Мен мемлекеттік қызметтен 1 жыл бұрын шыққанмын. Мен мемлекеттік қызметке қайта кіретін болсам, маған сынақ мерзімі тағайындалады ма?
Түркістан облысы 21.December.2020, 16:16
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген «Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібін бекіту туралы» қағиданың 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, сынақтан өтуші – мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданатын немесе қызметті бағалаудың, сынақ мерзімінің, атестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша не жағымсыз себептермен мемлекеттік қызметке мемлекеттік лауазымнан босатылғаннан кейін мемлекеттік әкімшілік қызметке қайтадан кірген адам. Яғни, Сіз жоғарыда аталған себептермен лауазымнан босатылмасаңыз, Сізге сынақ мерзімі бекітілмейді.