Еріктілер жылы бойынша өткізілген іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы
Волонтер жылы аясындағы іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 21.12.2020, 09:55
- 21.12.2020, 18:00
Абишев Толеу 21.12.2020, 16:10, Сұрақ нөмірі: 10078
Биылғы волонтерлер жылы арқылы үлкен істер атқарлды, осы қарқынды жалғастыру қажет деп санаймын. Негізгі жұмысы бар, қосымша волонтер болып жүрген жұмысшыларға арналған жеңілдіктер болама? (қарастырылған ба?)
ҚК МАМ Азаматтық қоғам істері комитеті 21.December.2020, 16:32
Құрметті Толеу Әбішев! Ең алдымен волонтерлік қозғалыстың дамуына қызығушылық танытқаныңызға ризашылық білдіремін. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты волонтерлерге жан-жақты қолдау шараларын көрсетуге негізделеді. Қазіргі кезде волонтерлерді көтермелеу мақсатында оқуға түсу кезінде волонтерлік қызметті есепке алу, волонтерлерді сақтандыру енгізу мәселелері заңнамалық тұрғыда әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, Волонтер жылының жабылу рәсімінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларына сәйкес, волонтерлік ұйымдардың мемлекет меншігіндегі объектілерді жеңілдікпен пайдалану және волонтерлік ұйымдарға мемлекет тарапынан да, бизнес тарапынан да қаржылық және қаржылық емес көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылуда.