Қазақстан Республикасында аукциондық сауда-саттық қорытындысы туралы

«Қазақстан Республикасында аукциондық сауда-саттық қорытындысы туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 21.12.2020, 09:00
  • 25.12.2020, 19:00

Төйкен Сәния 24.12.2020, 14:55, Сұрақ нөмірі: 10089

  • 0

Атырау облысында кеніштерді нақты кімдер сатып алды?

ҚР Энергетика министрлігі 25.December.2020, 17:18

Құрметті Төйкен Сәния, Аукцион жеңімпаздары туралы ақпарат Министрліктің сайтында жарияланды. Жеңімпаздар болып танылған компаниялар: 1. Атырау, Ақтөбе облыстарындағы Сағыз учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша - «TUMAR PETROL» ЖШС-і; 2. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарындағы Қарабау учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша - «Қарабау Петролеум» ЖШС-і; 3. Атырау облысындағы Бегайдар учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша - «SapaInvestment» ЖШС-і; 4. Атырау облысындағы Балқұдық учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша - «Балқұдық Мұнай» ЖШС-і; 5. Атырау облысындағы Қошалақ учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша - «SapaInvestment» ЖШС-і; 6. Атырау облысындағы Забурунье учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша - «Petro Qazaq» (Петро Казах) ЖШС-і; 7. Атырау облысындағы Сарайшық учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша - «Petro Qazaq» (Петро Казах) ЖШС-і.