Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтірдің сапасын арттыру

«Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтірдің сапасын арттыру» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің Төрағасы Асхат Батыржанұлы Искендировтың қатысуымен интернет-коференцияны өткізу

  • Сұрақтар: 30
  • Жауаптар: 30
  • 27.01.2021
  • 27.01.2021, 18:00

Темиршинов Аскар 27.01.2021, Сұрақ нөмірі: 10111

  • 0

Сәлеметсізбе! Мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде жұмыс істеймін. Облыс орталығына басқа жұмысқа ауысу тәртібімен орналаса аламын ба?

Қостанай облысы 27.January.2021, 15:17

Сәлеметсіз бе! Сіздің жағдайыңызда "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларына сәйкес мемлекеттік лауазымға ауысу тәртібімен орналасу мемлекеттік органның ішінде тең лауазымға немесе мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органдардың ішінде жоғары тұрған лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін. Осыған орай, Сіз тек өзіңіз қызмет атқарып отырған мемлекеттік органның ішінде ғана ауысу тәртібі жүзеге асырылады. Басқа мемлекеттік органға тағайындау бос орынға жарияланған конкурстық процедуралар нәтижесінде анықталады.