Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтірдің сапасын арттыру
«Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтірдің сапасын арттыру» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің Төрағасы Асхат Батыржанұлы Искендировтың қатысуымен интернет-коференцияны өткізу
- Сұрақтар: 30
- Жауаптар: 30
- 27.01.2021
- 27.01.2021, 18:00
Мукатова Меиз 27.01.2021, Сұрақ нөмірі: 10113
Сәлеметсіздер ме!Мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысы 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап жоғарлайтыны рас па? Аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің айлық ақысы қаншалықты көтеріледі?
Қостанай облысы 27.January.2021, 16:07
Сәлеметсіз бе! Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілердің айлық ақы төлеу жүйесі жаңа факторлы – балдық негізінде құрылған жүйеге көшуі көзделген. Жаңа жүйеге сәйкес мемлекеттік лауазымдар, міндеттері бойынша нақты шеңберге бөлінеді және айлық ақылары лауазымның шеңберіне сәйкес белгіленетін болады.