Цифрландыру саласындағы әлеуметтік жобалар
«Цифрландыру саласындағы әлеуметтік жобалар» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысы цифрлық технологиялар басқармасы қызметкерлері жауап береді.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 29.01.2021, 10:00
- 29.01.2021, 16:00
Смагулов Мурат 29.01.2021, 11:32, Сұрақ нөмірі: 10143
"250+" жобасы аясында ауылды елді мекендер мобильді интернетке қосылып жатыр, жыл аяқталғанмен осы күнге дейін кейбір ауылдарда интернет жылдамдығы өте төмен немесе мүлдем жоқ, оның себебі неде?
Алматы облысы 29.01.2021
Сапалы интернет мәселесі үнемі бақылауда және біз байланыс операторларымен күнделікті бірлесіп жұмыс жүргізудеміз. Айта кететін мәселе, байланыс операторлары өз қаражаттарына құрылыс жұмыстарын жүргізуіне байланысты, аталған жоба аясындағы жұмыс кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр, алдағы уақытта интернет жылдамдығын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.