«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 29.01.2021, 15:30
- 29.01.2021, 17:30
Мырзакулов Нурланбек 29.01.2021, 15:45, Сұрақ нөмірі: 10144
Саламатсыз ба? Мемлекеттік қызметке кіру үшін тестке өтініш жіберейін деп едім. 9 заңнан тұратын тест тапсыру үшін қай категорияны таңдауым керек?
Түркістан облысы 29.January.2021, 16:28
Агенттік Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады. Бірінші бағдарлама басшылық лауазымдарға арналған (10 нормативтік құқықтық актілерді қамтиды). Екінші бағдарлама орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың атқарушы лауазымдарына және аудан мен ауылдық деңгейдегі басшы лауазымдарына (9 нормативтік құқықтық актілерді қамтиды), ал үшінші бағдарлама – аудан және ауылдық деңгейдегі атқарушы лауазымдарға арналған (6 нормативтік құқықтық актілерді қамтиды). Тестілеуге қатысу үшін «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының кез келген филиалы арқылы өтініш тапсырылады. Сіз атап өткен 9 нормативтік құқықтық актіні қамтитын тестілеу – екінші бағдарламаға жататынын хабарлаймыз.