«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 29.01.2021, 15:30
  • 29.01.2021, 17:30

Құдайберген Айкерім 29.01.2021, 15:48, Сұрақ нөмірі: 10145

  • 0

Қайырлы күн! Жергілікті атқарушы органда жетекші маман лауазымынан ауысу тәртібімен бас маман лауазымына ауысуға болады ма?

Түркістан облысы 29.January.2021, 16:19

Сіздің сауалыңызды қарап, келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2-тармағы 3) және 4) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртiбiмен орналасу мемлекеттік органдардың ішінде тең дәрежелі, сондай-ақ мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органдардың ішінде жоғары тұрған лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін.