«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 29.01.2021, 15:30
  • 29.01.2021, 17:30

Ыдырысқызы Гаухар 29.01.2021, 15:56, Сұрақ нөмірі: 10146

  • 0

Саламатсыздарма жеке қасиеттен 150 сұрақтың адалдық 60% т.б сол сияқты 80% 90% алдым бірақ Жауаптардың растығынан 20% берді, мен түсінбей отырмын ашып түсіндіріп жібересізбе рахмет.

Түркістан облысы 29.January.2021, 16:18

Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 24-тармағына сәйкес жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды. Жеке қасиеттерді бағалаудың негізінде психодиагностикалық құралдар қолданылады. Осылайша, тестілеудің нәтижесіндегі растық деңгейі азаматтың сұрақтарға шынайы жауап беруіне байланысты. Бұл ретте, Қағидалардың 25-1-тармағына сәйкес Сіз алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін қайта тестілеуден өте аласыз.