Алматы облысы Кербұлақ ауданының 2020 жылдағы ауыл шаруашылығының дамуы

«Кербұлақ ауданының 2020 жылдағы ауыл шаруашылығының дамуы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің қызметкерлері жауап береді.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 10.02.2021, 10:00
  • 10.02.2021, 16:00

Ескожанов Ержан 10.02.2021, 14:41, Сұрақ нөмірі: 10154

  • 0

Көктемгі дала жұмыстарына арзандатылған жанар-жағар майды қалай алуға болады?

Алматы облысы 10.February.2021, 15:35

Арзандатылған дизель отынын әрбір шаруа кожалығы ала алады. Жаздық дәнді-дақыл себуге 1 гектарға 51 л, күздік бидайды тырмалағанға 3 л есептеледі. Арзандатылған дизель отынын алу үшін аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне өтініш жазу керек.