«Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет заңы және қызметтік әдеп нормаларын сақтауы»
«Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет заңы және қызметтік әдеп нормаларын сақтауы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.Ф. Степаненко жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 10.02.2021, 15:00
- 10.02.2021, 17:00
Абишева Айнур 10.02.2021, 15:57, Сұрақ нөмірі: 10157
Мүдделер қақтығысы туындаған кезде қандай шаралар қолданылуы қажет?
Солтүстік Қазақстан облысы 10.February.2021, 16:13
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттiк қызметшi туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте өзiнiң тiкелей басшысын немесе мемлекеттiк органның басшылығын ол жөнінде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Тiкелей басшы немесе мемлекеттiк органның басшылығы мемлекеттiк қызметшiнiң өтiнiшi бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға, оның iшiнде: 1) мүдделер қақтығысы соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық өкілеттіктерін атқаруды басқа мемлекеттік қызметшіге тапсыруға; 2) мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге; 3) мүдделер қақтығысын жою жөніндегі өзге де шараларды қабылдауға тиіс. Бұңдай шарттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында да қарастырылған. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 44-бабының 2-тармағына сәйкес, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қасақана қабылдамаутәртіптік теріс қылықтар деп танылады.