«Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет заңы және қызметтік әдеп нормаларын сақтауы»
«Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет заңы және қызметтік әдеп нормаларын сақтауы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.Ф. Степаненко жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 10.02.2021, 15:00
- 10.02.2021, 17:00
АТАМАНОВ ТАНАТ 10.02.2021, 16:07, Сұрақ нөмірі: 10159
Қайырлы күн! Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алқа отырысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Жаилғанова Анар Нұралықызы атап өткен "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі" жобасын қайдан көруге болады және ол қашан қабылдануы жоспарлануда? Алдын ала Рахмет! Жұмыстарыңызға сәттілік!
Солтүстік Қазақстан облысы 10.February.2021, 17:04
Салеметсізбе, қайырлы күн. Бүгінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі" мемлекеттік мекелермен келісуін өтіп жатыр. Заңмен жүктелген рәсімдерді өткеннен кейін, Әдеп кодексі Президент жарлығымен бекітіледі және ақпараттық құралдарда жарияланады