Күзет қызметі
«Күзет қызметі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау департаменті бастығының орынбасары Рудковский Денис Иосифович жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 15.02.2021, 09:00
- 22.02.2021, 18:00
Айдаров Мирамбек 15.02.2021, 23:48, Сұрақ нөмірі: 10169
Мамандандырылған күзет қызметкерлерінің қысқартылу Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылауда екен. 2008 жылғы 339 бұйрыққа сай. Сұрақ; Бұл қысқартылуда полиция қызметкерлері де бар ма?! Қандай да бір түсінбеген сұрақ қойсақ, алдын ала кешірім сұраймын.
ҚР Ішкі істер министрлігі 19.February.2021, 16:57
Құрметті Мирамбек! ІІМ штат санының лимитін (Мамандандырылған күзет бөліністері) 2 924 бірлікке қысқарту мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жекелеген объектілердің күзету функцияларын одан әрі бәсекелес ортаға бере отырып, оларды Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің тізбесінен алып тастауға байланысты. Штат санын қысқарту бойынша жұмыс қысқартуларға түскен қызметкерлерді жұмысқа орналастыруды немесе олардың зейнетқе шығу мүмкіндігін ескере отырып, жоспарлы түрде жүргізілетін болады.