«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 18.02.2021, 10:00
- 18.02.2021, 17:00
Айдаров Мирамбек 18.02.2021, 15:10, Сұрақ нөмірі: 10172
Әдеп кодексі енгізілгеннен бері нәтиже шамалы. Бырақ көпке топырақ шашпаймыз. Дөрекі қызметкерлер бар мемлекеттік қызметкерлер аоасында. Әр қала ауданда әдеп уәкілі бар. Бырақ бір бірін таниды. Сондықтан шара қолдана алмайды. Атап айтсақ БҚО Ақжайық ауданында өте көп. Атын атап лауазымын көрсетіп жария етпейін. Бырақ осы аталған ауданға назар аударуларыныз сұраймыз
Айдаров Мирамбек 18.02.2021, 15:15
Аудандық әкімдік аппарат қызметкерлерінен бастап 18 округ бойынша түгелдей әдеп кодексін қайта оқыту керек. Әдеп кодексі стол үстерінде тұрады қағаз жүзінде. Бырақ ашып оқымайтын сияқты.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 18.February.2021, 16:22
Құрметті Мирамбек Айдаров! Сауалыңызға рахмет. Бұл интернет-конференцияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Ұзақұлы Байхожаев өткізуде. Сіздің сауалыңыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне жолданатынын назарыңызға жеткіземіз.