«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 22.02.2021, 11:00
- 24.02.2021, 18:30
Паразбекова Сарсенкул 23.02.2021, 09:52, Сұрақ нөмірі: 10182
Мемлекеттік қызметке орналасуға арналған конкурс түрлері қандай?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.February.2021, 09:53
Құрметті портал қолданушысы, мемлекеттік қызметке орналасуға арналған конкурс 2 түрге бөлінеді. Олар: • Ішкі конкурс • Жалпы конкурс