«2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымының өту барысы туралы»

«2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымының өту барысы туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н. Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 25.02.2021, 10:00
  • 25.02.2021, 17:00

Есжан Айдын 25.02.2021, 11:10, Сұрақ нөмірі: 10220

  • 0

Жылу беру маусымы қай кезде басталады және аяқталады?

Қызылорда облысы 25.February.2021, 11:31

Бес тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +8°C және одан төмен немесе сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуі туралы болжам болғанда қала (аудандар) әкімдері тиісті өкіммен жылу маусымының басталғандығын жариялайды және бес тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +8°C және одан жоғары немесе сыртқы ауа температурасы күрт көтерілуі туралы болжам болғанда қала (аудандар) әкімдері тиісті өкіммен жылу маусымының аяқталғандығын жариялайды.