«Б корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу тәртібі»

«Б корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы міндетін атқарушы Р.К.Тұңғышбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 25.02.2021, 11:00
  • 25.02.2021, 16:00

Нургалиева Мухсина 25.02.2021, 11:18, Сұрақ нөмірі: 10221

  • 0

Мемлекеттік қызметке конкурс ашылып жатырғанын қайдан білуге болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 25.February.2021, 11:42

Құрметті Нургалиева Мухсина, Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар орталық мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қосымша жариялауға жол беріледі. Сонымен бірге Мемлекеттік қызметке кіруге байланысты конкурс туралы хабарландырулар ҚР Мемлекеттік қызмет істер Агенттігінің сайтынан қарауға болады. https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=kk