«Б корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу тәртібі»
«Б корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы міндетін атқарушы Р.К.Тұңғышбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 25.02.2021, 11:00
- 25.02.2021, 16:00
Лайхат Заманбек 25.02.2021, 11:42, Сұрақ нөмірі: 10222
1. Ішкі конкурсқа қатысатын адамдардың құжаттарын қабылдау қалай жүзеге асады?
2. Конкурстан өту тәртібі,кезеңдері қандай?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 25.February.2021, 11:53
Құрметті Лайхат Заманбек,1."Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады: 1) жалпы конкурс;2) ішкі конкурс. Сонымен қатар, Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды: 1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар қабылдау;3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау;4) конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік органның конкурс комиссиясы өткізетін әңгімелесу;5) мемлекеттік органның конкурс комиссиясының қорытындысы. 2.Конкурс комиссиясы әрбір жарияланған бос лауазым үшін тиісті "Б" корпусының бос немесе уақытша бос лауазымының лауазымдық өкілеттіліктерін ескере отырып, он бағыттан аспайтын конкурс сұрақтарының тізімін, сондай-ақ А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 лауазымдары үшін тиісті мемлекеттік органның қызметі саласында эссенің тақырыптар тізімін қалыптастырады.