«Б корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу тәртібі»
«Б корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы міндетін атқарушы Р.К.Тұңғышбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 25.02.2021, 11:00
- 25.02.2021, 16:00
Ахметжанова Әсел 25.02.2021, 13:44, Сұрақ нөмірі: 10228
Мен жарияланған конкурсқа кандидат ретінде қатысу үшін қандай құжаттарды тапсыруым қажет?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 25.February.2021, 15:11
Сәлеметсізбе Асел Жолдасқалиқызы! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген Қағиданың 76 тармағына сәйкес, кандидаттар жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырады: 1) Өтініш; 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім); 3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері; "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.