Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Куресжан 16.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Менің қытай технологиясы бойынша теплица салу жоспарым бар. Оны оқыдым да. Бірақ, оған кредит алу үшін жеке қожалық болып бөліну керек дейді. Менің не істеуім керек?

Администратор 27.07.2008

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның негізгі мақсаты мақсатты заемдер және арнайы ауыл шаруашылығы техникасын және қайта өңдеу жабдықтарын лизингке беру арқылы ауыл шаруашылығы ұйымдарының қаржы ресурстарына қол жетімділігін қамтамасыз ету жолымен ауыл шаруашылығы саласын дамытуды қолдау болып табылады. Жылыжай салу мақсатына «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы инвестиция алу үшін өтініш білдіруші міндетті түрде жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркелуі қажет. Сонымен қатар, міндетті талаптардың бірі – жер учаскесінің болуы. Компанияның қаржыландыру шарттары аграрлық саладағы шаруашылық субъектілерінің барлық нысандары үшін жеңілдетілген және максималды мөлшерде қол жеткізерліктей болып табылады. Бюджеттік бағдарлама бойынша: Лизинг/несие мерзімі – 4 % сыйақы ставкасымен 7 жылға дейін. Тартылған және жеке қаражат есебінен іске асырылатын бағдарламалар бойынша: Лизинг/несие мерзімі – 11 % сыйақы ставкасымен 8 жылға дейін. Мүдделі тұлға барлық қызуғушылық тудырған сұрақтары бойынша мына мекен-жайға хабарласа алады: Астана қ., Кенесары көшесі, 51, вп-1, тел.: 8 (7172) 58-04-52, 55-65-29.