Мемлекеттік қызметке қабылдау және өткеру мәселелері
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Д.А. Секеновтың қатысуымен интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 03.03.2021, 14:00
- 03.03.2021, 16:00
Ибраимов Санат 03.03.2021, 14:04, Сұрақ нөмірі: 10238
Қайырлы күн! Мен бұрын мемлекеттік қызметте істегем, егер қайта орналасқан жағдайда маған сынақ мерзімі белгіленеді ме?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 03.March.2021, 14:13
Құрметті Санат! Егер азамат қызметін бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша, не теріс себептер бойынша бұрын мемлекеттік лауазымнан шығарылса, мемлекеттік әкімшілік қызметке қайта кірген азаматтарға сынақ мерзімі міндетті түрде белгіленеді. Сонымен қатар, сынақ мерзімі мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш кірген азаматтардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарға сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленеді. Сынақ мерзімінің өту туралы шарттары, мемлекеттік органның жұмысқа қабылдау туралы актісімен көзделеді. Жоғарыда айтылғанның құқықтық нормасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 20 бабының 1) тармағында көрсетілген.