Мемлекеттік қызметке қабылдау және өткеру мәселелері

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Д.А. Секеновтың қатысуымен интернет-конференция

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 03.03.2021, 14:00
  • 03.03.2021, 16:00

Данышбаев Бахытжан 03.03.2021, 14:16, Сұрақ нөмірі: 10239

  • 0

Сәлеметсіз бе, қазіргі кезде мемлекеттік қызметке кіру кезінде шектеулер бар ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 03.March.2021, 14:26

Құрметті, Бахытжан! Азаматтар мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне заңдармен белгіленген шектеулерді қабылдайды. Осы шектеулерді персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша нысанда тіркейді. Аталған норма «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 18 бабында қарастырылған.