Мемлекеттік қызметке қабылдау және өткеру мәселелері
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Д.А. Секеновтың қатысуымен интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 03.03.2021, 14:00
- 03.03.2021, 16:00
Кошербаев Арын 03.03.2021, 14:49, Сұрақ нөмірі: 10241
Сәлеметсіз бе! Қандай жағдайда мемлекеттік қызметшінің ауысу тәртiбiмен орналасуына жол берiлмейдi?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 03.March.2021, 15:03
Құрметті, Арын! Егер, мемлекеттік қызметшіде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде, оның «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртiбiмен орналасуына жол берiлмейдi. Бұл қағида Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 447 Жарлығымен көзделген.