Мемлекеттік қызметке қабылдау және өткеру мәселелері
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Д.А. Секеновтың қатысуымен интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 03.03.2021, 14:00
- 03.03.2021, 16:00
Сейтбеков Кайрат 03.03.2021, 15:17, Сұрақ нөмірі: 10244
Қайырлы күн! Жергілікті атқарушы органда бөлім басшысы лауазымынан ауысу тәртібімен төменгі лауазымға ауысуға болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 03.March.2021, 15:39
Құрметті, Қайрат! Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2-тармағы 3) және 4) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртiбiмен орналасу мемлекеттік органдардың ішінде теңдәрежелі, сондай-ақ мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органдардың ішінде жоғары тұрған лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін. Осыған орай, конкурс өткізілместен төменгі тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ауысу тәртібімен орналасуға заңнамамен жол берілмейді.