Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Қабдула Шыңғыс Қайыпұлының интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 11.03.2021, 10:00
- 11.03.2021
Абдрахманов Нурбол 11.03.2021, 11:42, Сұрақ нөмірі: 10258
Қайырлы күн! Құқықтық көмек алу үшін Сіздерге қай мекен-жай бойынша жүгінуге болады?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 11.March.2021, 16:24
Қайырлы күн! Бұл жағдайда Сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 бірыңғай Call-орталығына жүгіне аласыз немесе Тоқпанов көшесі, 45 мекенжайында орналасқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне 72-66-42 байланыс телефоны арқылы басшылықтың жеке қабылдауына жазыла аласыз. Сондай – ақ, «Adal Kómek» жобасы аясында мемлекеттік органдардың басшылары, қызметкерлері, адвокаттар мен заңгерлер күн сайын фейсбук әлеуметтік желісінде «Астана-адалдық алаңы» жобасының және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің парақшасында кеңестер береді.