Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шаралары туралы

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Шымкент қаласы бойынша департаментінің интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 12.03.2021, 10:00
  • 12.03.2021, 13:00

Кашкимбаев Азамат 12.03.2021, Сұрақ нөмірі: 10263

  • 0

«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің нақты атқаратын жұмысы қандай? Қалай мүшесі болуға болады?

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 12.March.2021, 20:32

Қайырлы күн, Азамат Кашкимбаев! Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында 2018 жылдың желтоқсан айында «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды. Жобалық кеңсе жемқорлықты жою үшін келесі бағыттар бойынша жұмыс атқарады: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, қоғамдық бақылау жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтар үшін қолайлы орта қалыптастыру. Сонымен қатар, жобалық кеңсе білім, денсаулық сақтау, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, халықты әлеуметтік қорғау, мемлекеттік кірістер, сот және құқық қорғау органдары салалары бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда, еліміздің барлық өңірлерінде осындай жобалық кеңселер жұмыс атқаруда. Жобалық кеңсе туралы толық ақпаратты және мүшесі болғыңыз келсе Қазыбек би көшесі,3 «Antikor ortalyǵy» алаңы немесе 8775 306 78 50 нөміріне хабарласуыңызға болады.