Алматы облысы Панфилов ауданындағы әлеуметтік мәселелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрлері
«Әлеуметтік мәселелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрлері» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің қызметкерлері жауап береді.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 16.03.2021, 10:00
- 16.03.2021, 16:00
Тюпеева Назигуль 16.03.2021, 11:42, Сұрақ нөмірі: 10273
Сәлеметсіздерме! Мен көп балалы анамын. Жолдасым 2 топтағы мүгедек ең кіші балам 2 класс оқиды. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін, мені жұмыспен қамту орталығының мамандары балаңыз 3 жастан асқан соң белсенді шараларға қатысуға немесе жұмысқа тартылу керек екендігін айтты . Сол қаншалықты дұрыс?
Алматы облысы 16.03.2021
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі бойынша жұмысқа жарамды отбасы мүшелерін жұмысқа тартуға немесе белсенді шараларға қатыстыруға мамандар міндетті. Себебі 3 жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек баланы бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж қарттарға күтім жасайтын адамдардан басқа адамдар белсенді шараларға яғни жұмысқа орналасуға міндетті.