Алматы облысы Панфилов ауданындағы әлеуметтік мәселелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрлері
«Әлеуметтік мәселелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрлері» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің қызметкерлері жауап береді.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 16.03.2021, 10:00
- 16.03.2021, 16:00
Махсутова Саниям 16.03.2021, Сұрақ нөмірі: 10274
Мен мүмкіндігі шектеулі баланың анасымын. Сізден сұрайын дегенім Маған мерзіміне қарамай екі кресло арба серуенге және бөлмеге арналған кресло арбаға тапсырыс беруге болады ма?
Алматы облысы 16.March.2021, 14:24
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығының 4 қосымшасына сәйкес Мүгедектерді арнаулы жүріп тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, «Бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар мүгедектерге 7 жыл, серуендеуге арналған кресло-арбалар 4 жыл пайдалану мерзіміне беріледі». Енді Сіздің сауалыңыз бойынша серуенге арналған кресло-арбаңыздың 4 жыл пайдалану мерзімі өтуіне орай тапсырыс беруге құқығыңыз бар, ал бөлмеге арналған кресло арбаның пайдалану мерзімі 7 жыл өткенен кейін тапсырыс бере аласыз.