Название на казахском «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асуы;
«Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асуы тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Казталов аудан әкімі А.Есалиев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 29.03.2021
- 02.04.2021, 18:00
Құлмұрат Аида 29.03.2021, 16:44, Сұрақ нөмірі: 10287
Тұрғын үйге құжаттарды қалай тапсыруға болады?
Батыс Қазақстан облысы 29.March.2021, 18:40
Саламатсызба, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi; көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi; сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін); "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мамандандырылған бөлімдерінің (Халыққа қызмет көрсету орталығы) Казталов ауданы бойынша филиалына құжаттарыныңзды тапсырасыз, Сізге 6 жұмыс күні ішінде жауап қайтарылады. Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды. Қосымша ақпарат, консультациялық көмек алу үшін 8 (711-44) 32-1-09 номеріне хабарласуға болады.