«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»

«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 10
  • Жауаптар: 10
  • 29.03.2021, 10:00
  • 31.03.2021, 18:30

Сайлауов Сұлтанғазы 30.03.2021, 14:38, Сұрақ нөмірі: 10291

  • 0

Ротация не үшін жүргізіледі?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.March.2021, 14:50

Құрметті Сайлауов Сұлтанғазы, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау - мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, облыстарды, республикалық маңызы бар қалаларды, облыстардың аудандары мен қалалардағы аудандарды дамыту мақсатында, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы ретінде, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби дамыту және олардың басқару құзыреттерін жетілдіру мақсатында жүргізіледі.