«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы»
Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р.Ю.Ким интернет-конференция барысында жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 30.03.2021, 15:00
- 30.03.2021, 18:00
Алипбаева Динара 30.03.2021, 15:17, Сұрақ нөмірі: 10292
Салеметсіздерме! Менде сұрақ бар еді. Бүгінгі таңда ХҚКО қызмет алу үшін электрондық қызметке тапсырыс беру қажет. Менің танысым 3 топтағы мүгедек. Бұл талаптар оған да қолданылады ма әлде кезексіз қызмет ала алады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.March.2021, 16:19
Қайырлы күн. Сұрағыңызға рахмет.Зейнеткерлер мен мүгедек адамдарға ХҚКО кезекке тапсырыс берудің қажеттілігі жоқ. Себебі олар үшін жеке «Жеңілдік терезесі» қызмет атқарады.