«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы»

Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р.Ю.Ким интернет-конференция барысында жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 30.03.2021, 15:00
  • 30.03.2021, 18:00

Кунаева Анаргул 30.03.2021, 16:38, Сұрақ нөмірі: 10295

  • 0

Саламатсызба? Мемлекеттік қызметтен бос уақытта, яғни сенбі күндері колледждерде қосымша сабақ беріп, жұмыс істеуіме болама?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.March.2021, 17:20

Қайырлы күн! Сұрағыңызға рахмет! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға рұқсат беріледі. Осылайша, Сіз негізгі жұмысыңыздан бос уақытта педагогтiк қызметпен айналысуға құқығыңыз бар.