«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы»

Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р.Ю.Ким интернет-конференция барысында жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 30.03.2021, 15:00
  • 30.03.2021, 18:00

Райсова Нарқыз 30.03.2021, 17:54, Сұрақ нөмірі: 10298

  • 0

Саламатсыз ба, ротацияның әрбір үш жыл сайын өткізілетінін білемін. Менің сұрайын дегенім, мысалы «экономика басқармасы» «бюджеттік жоспарлау басқармасы» болып қайта құрылса онда сол басқарма басшысы үш жылдан кейін ротацияға жата ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.March.2021, 18:03

Салеметсіз бе! Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылғаннан, құрылым өзгергеннен не лауазымдар қайта аталғаннан кейін "Б" корпусының қызметшілері бұрын атқарған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес бұрын атқарған лауазымдарына тең дәрежелі лауазымдарға қайта тағайындалған кезде көрсетілген мерзім қайта жаңартылмайды.