«Қашықтан оқыту және білім берудің қолжетімділігі»
«Қашықтан оқыту және білім берудің қолжетімділігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 31.03.2021, 10:20
- 31.03.2021, 17:00
Бекбасова Индира 31.03.2021, 11:27, Сұрақ нөмірі: 10300
Қайырлы күн, Гүлшара Наушақызы, мен Бекбасова Индира. Отбасымда 3 балам бар. Үлкенім биыл ұлттық тест тапсырады. Уақыт болса таяп қалды. Шындығын айтқанда, биылғы жыл балаларға оңайға соқпады. Балалардың тестілеуге дайындығын күшейту бағытында қандай жұмыстар жүргізілуде?
Қызылорда облысы 31.March.2021, 11:58
Сұрағыңызға рахмет. Өзіңізге белгілі, балалардың қауіпсіздігі үшін білім алу процесі қашықтан ұйымдастырылды. Оқыту процесі кезең-кезеңімен дәстүрлі форматқа ауыстырылуда. Бітіруші сыныптарда сынақ емтиханының болуына байланысты 9,11 сыныптар ІІІ тоқсаннан дәстүрлі оқытылуда. Биыл облыс мектептерін 7000 астам балалар аяқтайды. Қазірде барлық білім беру ұйымдарында ҰБТ-ге дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асуда. Сынама тест алу, қорытындысымен мониторинг жүргізу жұмыстары жолға қойылған. Ұлттық тест биыл электронды форматта тәуелсіз білім орталығының базасында өткізіледі. Балалар екі рет тест тапсыру құқығына ие болады. Ал, мектеп бітіруші түлектер наурыз айының 10-ы мен сәуір айының 10-ы аралығында өтетін ақылы тестке қатысуға өтініш білдіріп, өз білім деңгейлерін тексеруде. Қашықтан оқыту кезеңінен бергі оқушылардың білімдеріндегі кейбір олқылықтарын жою және олардың орнын толтыру бойынша топтық консультациялар ұйымдастырылады. Сіздің балаңыз да бұл кезеңде мектеп тарапынан ұйымдастырылатын қосымша білім алуға мүмкіндігі бар.