«Қашықтан оқыту және білім берудің қолжетімділігі»
«Қашықтан оқыту және білім берудің қолжетімділігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 31.03.2021, 10:20
- 31.03.2021, 17:00
Алиева Жанар 31.03.2021, 11:31, Сұрақ нөмірі: 10301
Қайырлы күн, Гүлшара Наушақызы! Қазірде қызым 10 сыныпта оқиды. Келер жылы мектепті аяқтағалы отырмыз. Дегенмен, қызым мамандық таңдауда қиналады. Оқушыларға мамандықтардың сұранысына қарай талдама жасап түсіндіретін арнайы ақпараттық ресурс бар ма?
Қызылорда облысы 31.03.2021
Жолдаған сауалыңыз өте орынды. Оқушыларға кәсіби бағдар беру өте маңызды бағыттардың бірі. Қазіргі еңбек нарығы сұранысқа сай мамандық таңдау қажеттігін туындап отыр. Бұл ретте еліміз бойынша жаңа мамандықтар атласын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Әрбір мамандыққа сұранысқа сай талдау жүргізіліп келеді. Кешенді талдаулар аяқталғаннан кейін мамандықтардың анализіне қарай ортақ платформа құрылатын болады. Мұнан бөлек, Инстаграм әлеуметтік желісінде Қызылорда облыстық білім басқармасының «kasip_bagdar_kzo» атауында оқушыларға арналған ақпараттық түсіндірме парақшасы ашылған. Осы платформа арқылы ақпараттық жаңалықтарды, мамандықтардың ерекшеліктерін қатысты қажетті ақпараттарды біле аласыз. Сонымен бірге қазірде оқушыларға мамандыққа сай бағыт-бағдар беретін бірнеше ресурстар жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, Юнеско клубы – «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығының 8-11 сынып оқушыларына арналған «KASIP TEST» ақылы түрдегі кәсіби диагностика орталығы жұмыс істейді. Орталық жастардың мамандыққа бейімі мен қабілетін анықтауды, кәсіптік бағытқа оқытуға ұсыныстар беру. Сонымен бірге ЖОО мен Техникалық және және кәсіптік оқу орындарындағы қандай мамандықтарға оқушының бейімді екенін анықтайды.