Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Түркістан облысы бойынша департаментінің интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 31.03.2021, 10:55
- 31.03.2021, 13:00
Куанышбаев Еркебулан 31.03.2021, 11:46, Сұрақ нөмірі: 10303
Мен қазіргі таңда ЖОО-ын енді бітіріп отырмын, яғни жас маманмын. Осы таңда жұмыс мәселесі қиын проблемаға айналып отыр. Кей мекемелерге жұмысқа орналасу мақсатымен барған кезде, сол мекемеде жұмыс жасайтын адамдар ақша қаражаттары үшін "көмектесе алатындарын" айтады, яғни пара сұрап жатады. Осы жағдайда мен кімге және қалай хабарласа аламын?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 31.03.2021
Құрметті Еркебұлан мырза! Пікір білдіріп сұрақ қойғаныңыз үшін Алғыс білдіреміз. Егер Сізден ақша бопсалап, пара беруге мәжбүрлесе, жемқорлық фактілері оның ішінде, жасалған немесе дайындалып жатқан жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы сенімді ақпаратқа ие болсаңыз Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call орталығына жүгінуге болатынын назарыңызға жеткіземіз. Қоңырау шалу тегін, әрі құпия. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер жүзеге асырылатынын назарыңызға саламыз.