«Қашықтан оқыту және білім берудің қолжетімділігі»
«Қашықтан оқыту және білім берудің қолжетімділігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 31.03.2021, 10:20
- 31.03.2021, 17:00
Төлегенова Гүлнұр 31.03.2021, Сұрақ нөмірі: 10304
Құрметті Гүлшара Наушақызы!
Мен ауыл мектебінде мұғалім болып қызмет етемін. 10 жылдан аса педагогика саласында тәжірибем бар. Өткен жылы Сіздің қолдауыңызбен конкурс жеңімпазы атанған бірқатар ұстаздар қаржылай сыйақы иеленді. Биыл сол конкурс жалғаса ма?
Қызылорда облысы 31.March.2021, 13:27
Сауалыңыз түсінікті. Өзіңіз білесіз, елімізде педагогтардың еңбегін лайықты бағалауда мемлекет тарапынан қолдау шаралары қарқынды жүргізілуде. Қызылорда облысында өткен жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заңы негізінде Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №164 қаулысына сәйкес, «Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін» жергілікті ерекшелік белгісіне және біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерін тағайындау конкурсын ұйымдастырдық. Оған мектепке дейінгі білім беру, орта білім беру, қосымша білім беру, облыстық білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатысты. Нәтижесінде «Қызылорда облысының білім беру саласын дамытудағы еңбегі үшін» жергілікті ерекшелік белгісін 12 мұғалім, Біржолғы сыйақыны 10 мұғалім иеленді. Биылғы жылы "Үздік педагог" атағын беру конкурсы жалғасатын болады. Облыстық кезеңінің жеңімпаздарына 300 еселенген мөлшерінде сыйақы қарастырылып отыр. Конкурс ашық түрде іске асырылып, ережесі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталатын болады.